«Балапан» жазғы мектеп жанындағы сауықтыру лагері

22.06.2015

Маусым айының 1- 26 жұлдыз аралығында «Балапан» жазғы мектеп жанындағы сауықтыру лагері өз жұмысын жүргізуде. Оқушыларды сағат 8:45 – 9:00-ге дейін тәрбиешілер қабылдап алып, одан соң 9:00-де бой жазу жаттығулары басталады. Таңғы жаттығу жұмыстары аяқталған соң, оқушыларды сапқа тұрғызып сыныпқа апарады. Демалушылармен психологиялық тренингтер, спорттық ойындар өткізіліп тұрады. Әр күні әр түрлі жаңа іс-шаралармен қызғылықты. Осындай іс-шаралардың өткізілуі арқасында балалар лагерьде демалып қана қоймай, сонымен қатар денсаулықтарын нығайтып, ойлау қабілеттерін ұштап және өздеріне жаңа дос, құрбы табады.





Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

Обсуждений не найдено