Бастауышым -балбұлағым
16.05.2015Бастауышпен қоштасу мерекесі өз жалғасын табуда. 4 "Ә" сынып жетекшісі Қонысова Сандуғаш өз сынып оқушыларымен қоштасу мерекесін өткізді. Мақсаты: Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын , бастауышта алған білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу.
Бастауыш сыныбымен , алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру,әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт – сапар тілеу.
Білім берер ордасы- мектепті , ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлғын арттыру
Онда оқушылар әр түрлі би билеп, ұстаз, мектеп туралы әндер айтып жақсы көңіл сыйлады. Оқушылар 4 жылда алған білімдерін саралап жиып ата-аналарға және ұстаздарға тарту етті.Қоғамдастық талқылаулары
Обсуждений не найдено
