Жеңіс күнімен құттықтаймыз!

08.05.2015

Құрметті ата-аналар,оқушылар және  қала тұрғындары!

Сіздерді 9-мамыр – Ұлы Жеңіс Күнімен шын жүректен құттықтаймын! 

Бұл мереке – жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн. Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуі мен елордамыздың гүлденуі де – осынау мерекенің жемісі.

Бүгінгі ұрпақ аға буын-ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан үлгі алып, бой түзейді. Осынау ерлікке толы Күн тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала бермек. 

Баршаңыздың дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, бақ пен береке тілеймін! Тәуелсіздігіміз баянды болсын! Еліміз мәңгілік ел болсын! Жеңіс күні құтты болсын!

 



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

Обсуждений не найдено