Бейіндік оқытудың маңызы

10.04.2015

2015 оқу жылының 9 сәуір күні «Бейіндік оқытудың маңызы»  атты тақырыпта 9 сынып ата-аналары және қала колледждерімен кездесу өткізілді.
Мақсаты: оқушылардың болашақ өміріне маңызды әсерін тигізетін, яғни арнайы оқу орнына немесе 10-шы сыныпта білімін таңдаған  бағыты бойынша жалғастыру мүмкіндігі туралы айтылды.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер: бейіндік оқытудың маңызы, мамандық  таңдау бойынша ата-аналарға арналған психологиялық кеңес, 9 сыныптардың білім сапасы, қалалық кәсіптік оқу орындарымен таныстыру. Кездесу барысында ата-аналарға еңбек нарығының нақты сұраныстарын ескере отырып,қажетті мамандықтар рейтингісі ұсынылды. Кездесуге жоғарғы сынып оқушыларының ата-аналары және қала колледждерінің мамандары қатысты.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

Обсуждений не найдено