Вирустық (жұқпалы) аурулардың алдын алу жұмысының өту барысы

28.02.2015

  1. негізделген  мектепішілік №143 бұйрығына сәйкес вирустық (жұқпалы) аурулардың алдын алу жұмысының жоспары жасалып қабылданды. Жоспарға сәйкес қаңтар 26 жұлдызынан ақпан айының 26 аралығында «Жұқпалы аурулардың алдын алу» айлығы өтті. Айлықты ұйымдастырып өткізгендер:  мектеп медбикесі Г.А.Исаева , директордың ТІЖО Ғ.Қ. Ысмайыл, Г.А. Жупкалиева  және «Санитарлық бекеттің» белсенді мүшелері (5-9 сынып оқушылары), сынып жетекшілері мен қазақ тілі ӘБ, орыс тілі ӘБ.
  • 26-31 қаңтар аралығында  1-11 сыныптар арасында  «Туберкулезге жол жоқ» дәрігер кеңесі мен осы тақырыпқа қазақ тілінен диктанттар өткізілді. Дәрігер кеңесін қалалық №6 емхананың фтезиаторы Хамитова Гульнара Зиябековна өткізді.
  • 2-7 ақпан аралығында 1-11 сыныптар арасында «Гепатиттен сақтану жолдары» тақырыбында дәрігер кеңесі жүргізілді. Кеңесті ұйымдастырып өткізген  қалалық №6 емхананың учаскелік педиатр дәрігері  

«Гепатит» тақырыбына орыс тілі сабақтарында диктант жазылды.

  • 9-13 ақпан аралығында 1-11 сыныптар арасында «Менингит – қауіпті кесел» тақырыбы бойынша дәрігерлік кеңес жұмысы жүрді. Дәрігер кеңесін мектептің медбикесі Г.А.Исаева өткізді. Аталған дерт туралы толыққанды ақпарат берілді. 8-11 сыныптар аталған тақырыпқа диктан жазды.
  • «Жұқпалы аурулардың алдын алу», «Туберкулезге жол жоқ», «Гепатиттен сақтану» , « Менингит дегеніміз  не?» атты тақырыптарға 7 сынып оқушылары ақпаратты «стендтерді» әзірлеп, мектептің 2 қабатының дәлізіне орналастырды. Сонымен қатар мектеп медбикесі «Өзіңдң туберкулезден сақта!» тақырыбына ақпараттық «стендті» мектептің 1 қабатына орналастырды.
  • 5-7 сынып оқушыларының арасында ақпараттық парақшалар сайысы өтті. Жеңімпаз сыныптар: 5 «Ә», 5 «Б», 5 «Г», 6 «Б», 6 «В», 6 «Г», 7 «Ә» , 7 «Е»,

7 «В».

  • Аталған айдың шеңберінде мектеп медбикесінің ұйымдастыруымен оқушылардың десаулығының ахуалы зерттеліп, мониторинг жасалды.
  • Мектептің санитарлық бекеттері де қалыс қалмай, белсенді түрде сыныптар ішінде сынып сағаттарында жұқпалы аурулардың пайда болу себептері, оларды болдырмау туралы ақпараттандыру жұмыстарын өткізді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

Обсуждений не найдено