«Мен қазақтың қызымын үкі таққан» атты қыз сыны байқауы өз мәресіне жетті...
06.03.20152015 жылдың 6 наурызында тәлімгер Бабашова Динара Мейрамбекқызының ұйымдастыруымен «Мен қазақтың қызымын үкі таққан» атты 5-6 сынып қыздарынан құралған қыз сыны байқауы өтті. Ару қыздарымыз төмендегі кезеңдер бойынша сынға түсті:
- Онлайн режимінде дауыс беру;
- «Мен қазақтың қызымын үкі таққан» өзін таныстыру; 1 мин
- «Өнерлі өрге жүзер» өз өнерін көрсету; 3мин.
- «Шебер қолдар» қолдан жасалған әр түрлі бұйымдар жасап шығару; 3-4 мин.
- «Бәйге» салт-дәстүр, әдет-ғұрып, жөн-жоралғы жөнінде сұрақтарға жауап беру 1 мин.
- «Дефиле» қыздарымыздың қолдан жасалған көйлектерін көрсетіп, сахнада жүру мәдениеті. Сән шеруі;
Бірінен-бірі асқан хор қыздарының қазақ қызына тән инабатты, ибалы, сүйкімді де, мәнерлі дауыстары барша мектеп оқушыларын таң қалдырды. Өз өнерлерін ортаға салып, ақылына көркі сай ару қыздар қазақ халқының салт-дәстүр, әдет-ғұрпының сұрақтарынан мүдірмей жауап беріп, нағыз «Қазақ қызы» деген лайық атқа ие болды. Сайыстың қорытындысы бойынша әділ-қазылар алқасының шешімімен 11 қатысушы ару қыздарымыз төмендегі номинацилармен марапатталды:
- Сатымбекова Мерей – «ҚЫЛЫҚТЫ АРУ»;
- Нұрланова Жадыра – «СҮЙКІМДІ АРУ»;
- Шаймухаметова Нұрай – «ИНАБАТТЫ АРУ»;
- Рахымжан Амина – «КӨРІКТІ АРУ»;
- Қайыржанова Аружан – «ШЕБЕР АРУ»;
- Садуақас Аяулым – «ДАРЫНДЫ АРУ»;
- Сулейман Томирис – «ЗЕРДЕЛІ АРУ»;
- Қиянбекова Адина – «СЫМБАТТЫ АРУ»;
- Абенова Нұрила – «БҰРЫМДЫ АРУ»;
- Саметханова Аяулым – «ӨНЕРЛІ АРУ»;
Ал байқауымыздың арқауы болған «Мен қазақтың қызымын» атына лайық деп танылып БАС ЖҮЛДЕ иегері 6 «Г» сынып оқушысы Абдықадыр Айым атанды.
| |
|
| |
|
Қоғамдастық талқылаулары
Обсуждений не найдено
