Деңгейлік бағдарлама бойынша оқыған мұғалімдерге арналған қалалық семинар

06.03.2015

28 ақпан күні біздің мектепте «Білім берудің жаңа тәсілдерін мектептің оқу үдерісіне еңгізу: мүмкіндіктері мен ерекшеліктері» атты деңгейлік бағдарлама бойынша оқыған мұғалімдерге арналған қалалық семинар өтті.  Семинар мақсаты :білім берудің осы заманғы педагогикалық тәсілдерін қолдану іс-тәжірибесімен алмасу болып табылды. Семинарға Астана қаласының Білім басқармасының әдістемелік кабинет меңгерушісі Г.К. Ибраева және әдіскерлер  Г.И. Канапьянова және Х.Ө.Нұртаева арнайы келді. Біздің мектепте жұмыс атқарып жатқан «Көшбасшы» мұғалімдер қауымдастығының мүшелері семинарда жоғары дәрежеде сабақтар өткізді. Қауымдастық өткізген семинарға педагогикалық шеберлік орталығы тренерлері З.Е. Ыдырысова және Т.А .Абдрахманова жоғары баға берді. 



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

Обсуждений не найдено