«Ата-аналардың немқұрайлылығы отбасындағы кикілжіңнің шығу себебі ретінде» атты ата-аналардың қатысуымен өткізілген

06.02.2015

2015 жылдың 06 ақпанында № 6 гимназияда ата-аналардың қатысуымен «Ата-аналардың немқұрайлылығы отбасындағы кикілжіңнің шығу себебі ретінде» тақырыбына семинар-тренинг өтті. Семинарға 7-9 сынып оқушыларының ата-аналары қатысты.

Семинар-тренингтің бағдарламасы:

  • «Кикілжің деген не», «Отбасында кикілжіңнің шығуы және оларды шешу жолдары» тақырыптарына мектеп психологының сөйлеуі;
  • Ата-аналармен тест жүргізу. «Сіз жақсы ата-анасыз ба?» тесті
  • Осының алдында өткізілген «Сіздің отбасыңыздағы кикілжің» сауалнамасының нәтижелері айтылды (респонденттер – 7-9 сынып оқушылары).
  • Ата-аналар өмірден алынған жағдайлар бойынша,  жағдайларға талдама жасап топпен жұмыс жасады.
  • Семинар-тренингтің қорытындысын шығару ата-аналардың тілегімен аяқталды. Әрбір ата-ана  ҚР Білім және ғылым Министрлігінің  «Отбасы тәрбиесі» кітабының 2 санынан алынған «Қалай жақсы ата-ана болу керек» деген жаднама алды.

 



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

Обсуждений не найдено