Жас мамандар сайысы
03.12.2014 Қарашаның 29 жұлдызында біздің мектепте, «Жас келсе,іске!» атты жас мамандар сайысы өткізілді. Сайысқа педагогикалық өтілі 3-4 жыл аралығындағы жас мамандар қатысты. Сайыс бірнеше кезеңнен тұрды. Негізгі көңіл ұстаздардың өткізген сабақтарына бөлінді. Жас мамандар өз сабақтарында жаңа технологияларды қолданып, оқушыларды сабаққа қызықтыра отырып, сабаққа қойған мақсаттарына жете білді. Жас мамандар сайысында сабақты өте жоғарғы деңгейде өткізіп, өзінің қоңыр дауысымен әділқазы мүшелерінің жоғарғы бағасына ие болған денешынықтыру мұғалімі Оспан Серікболат Жанболатұлы жеңіске жетті.
Қоғамдастық талқылаулары
Обсуждений не найдено
