«Тілім барда айтылар сөз ойдағы...»

09.10.2014

Астана қаласы №8 орта мектебінде қыркүйектің 30- ы мен қазанның 8-і аралығында «Тілім барда айтылар сөз ойдағы...» атты қазақ тілі мен әдебиеті апталығы өтілді.

     Қазаннның 30-ы күні қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен мәжіліс залында «Мемлекеттік тіл- бірлік бастауы» атты саптық жиын өткізілді. Қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің жетекшісі Бейсенбаева Алтынай Оспанқызы апталықтың жоспарымен таныстырып өтіп, мектеп оқушыларына іс – шараны өткізуде белсенділік танытуын айтып өтті. Жиында «Тілім менің- мәртебелі»атты қалалық сайысқа қатысып, жеңімпаз атанған қыздарымыздың өнерлерін оқушыларға ұсынып, оларға алғыс жарияланды.

    Апталықта мұғалімдердің өткізетін сабақтары, оқушылармен бірлесіп өткізетін іс – шаралары туралы мәлімет берілді.

 



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

Обсуждений не найдено