Қарттарым аман-сау жүрші
01.10.2014 Жылдағы дәстүрге сай, мектебімізде 1 қазан - Халықаралық қарттар күніне арналған "Қарттарым - асыл қазығым" атты мерекелік шара өтті.
Мерекелік шараға "Көктал 2" ықшамауданының қариялары, еңбек ардагерлері, ақ жаулықты әжелер қатысты. Мерекелік шара барысында алдымен сөз алған мектеп директоры Ш.Қ.Жакенбай қарияларға жылы лебізін білдіре отырып, зор денсаулық, ұзақ өмір, қажымас қайрат тіледі.
Ардагер-ұстаз Майра Қаппасқызы жиналған қарияларды мерекелерімен құттықтады, өскелең ұрпаққа бақыт тіледі.
Мектеп оқушылары ата-әжелеріне мерекелік концерт қойып берді.



Қоғамдастық талқылаулары
Обсуждений не найдено
