Профилактикалық іс-шаралар
10.06.2014
Есіл ауданы Прокуратурасының бастамасымен, 07.06.2014 ж. № 17 мектеп-лицейінде Есіл ауданы ювенальды полиция бөлімінде есепте тұрған оқушылардың қатысуымен Есіл ауданы мектептері арасында 1 маусым Балаларды қорғау күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараға біздің мектеп-лицейден
қалалақ есепте тұратын 9 «А» сынып оқушысы Кабылашитов Ералы, 10 «А» сынып оқушысы Төреханов Темірлан және мектепішілік есепте тұрған 9 «Ә» Сұлтанбеков Жасұлан қатысты. Мереке соңында осы мектеп-лицей жоғарғы 10-11 сынып оқушылары өз өнерлерін көрсетті. «Ұлы Жеңіске - 69 жыл» атты театрландырылған қойылымдар, тақпақтар оқыды. Прокуратура өкілдері өз ойларымен бөлісті. Өткізілген іс-шара оқушылар арасындағы қылмыстың алдын алуға өз септігін тигізітініне сеніміміз мол.
Артқа