Республикалық Мағжан оқуларының жеңімпазы

13.05.2014

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласында 2014 жылдың 13-14 мамырында Қазақстанның барлық қалаларынан сонымен қатар Ресей Федерациясының Омбы қаласынан да оқушылардың қатысуымен ұлы ақын Мағжан Жұмабаевтың 121жылдығына арналған «Мағжан көктемі» атты республикалық оқулары болып өтті. Бұл- биылдыққа екінші мәрте өткізіліп тұрған республикалық деңгейдегі оқулардың бірі.Астана қаласының намысын қорғауға барған біздің мектебіміздің 6 «Ә» сынып оқушысы Сапиева Айғаным «Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім»номинациясы бойынша III дәрежелі Дипломмен марапатталды.

Жетекшісі Жұмашева Р.А.

Құттықтаймыз! Талабыңа нұр жаусын,Айғаным!

Жүлдемен оралған жеңімпаздарға шығармашылық табыс,таусылмас талап,талмас қанат тілейміз.




Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

Обсуждений не найдено