«Тәртіп – тәрбие бастауы» атты қыздар жиналысы.

02.04.2026

Мектебімізде 7-сынып оқушылары арасында «Тәртіп – тәрбие бастауы» атты қыздар жиналысы өткізілді. Жиналыстың негізгі мақсаты – қыз балалардың бойында әдептілік, инабаттылық, жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыру, мектептің ішкі және сыртқы тәртіп ережелерін түсіндіру, сондай-ақ қоғамдық ортада өзін-өзі дұрыс ұстай білуге тәрбиелеу. Жиналыс барысында қыз балаларға тән ұқыптылық, сыпайылық, тазалық сақтау, өз-өзіне және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау жөнінде кеңестер берілді. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, көкейлеріндегі сұрақтарға жауап алды. Аталған жиналыс оқушылардың саналы, тәрбиелі тұлға болып қалыптасуына оң әсерін тигізді. ВИДЕО КӨРУ



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено