«Ұлдан – ұлағат, қыздан – инабат» тақырыбында ата-аналармен сұхбат өткізілді

21.11.2025

Бүгін «Ұлдан – ұлағат, қыздан – инабат» тақырыбында ата-аналармен сұхбат өткізілді. Сұхбат барысында ұл мен қыз тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтар, әдеп-инабат нормалары және отбасындағы тәрбие ерекшеліктері талқыланды.
Ата-аналар балаларының бойына жауапкершілік, үлкенді құрметтеу, кішіпейілділік, әдептілік қасиеттерін сіңіру жолдары жөнінде өз ойларымен бөлісті. Ұл бала тәрбиесінде еңбекке баулу, намысшылдық пен батылдықты дамыту маңызды екенін айтса, қыз бала тәрбиесінде инабаттылық, ұқыптылық, сыпайылық пен сүйіспеншілікке тәрбиелеу мәселелері кеңінен сөз болды.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено