4 маусым- Қазақстан Республикасының рәміздер күні.

04.06.2025

Бүгін «4 маусым- Қазақстан Республикасының рәміздер күні» қарсаңында «Jas қанат” мектеп жанындағы жазғы лагерь өз жұмысын салтанатты түрде бастады!
Бүгінгі таң ерекше рухпен басталды — балалар мен тәлемгерлер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранын бірге орындап, Отанға деген сүйіспеншіліктерін таныта білді. Мектеп ұжымы да Мемлекеттік рәміздерді қастерлеу бағытында ұйымдастырылған салтанатты жиынға өз үлестерін қоса білді. Әнұран орындау — тек дәстүр ғана емес, бұл әр баланың жүрегіне елжандылық пен мақтаныш ұялататын маңызды сәт.
Мемлекеттік рәміздер — тәуелсіздігіміздің символы, елдігіміздің айғағы. Оларды қастерлеу мен қорғау — әрбір азаматтың қасиетті борышы. Осы бастаманың аясында балаларға Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұранның мәні мен маңыздылығы түсіндірілді. ВИДЕО КӨРУ



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено