“Abay’s Creation” сайысы.
13.03.20252025 жылғы 12 наурыз күні 7-сынып оқушылары арасында ағылшын тілі апталығы аясында “Abay’s Creation” сайысы өткізілді. Іс-шараны ағылшын тілі пәні мұғалімдері Шинтаева Гүлзипа мен Үсенбай Жансұлу ұйымдастырды. Сайыс барысында оқушылар Абай Құнанбаевтың шығармаларын ағылшын тілінде мәнерлеп оқып, белсенділік танытты. Әділ-қазылар алқасы оқушылардың оқу мәнері мен тілдік дағдыларын бағалап, қорытынды жасады. Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, оқушылардың ағылшын тілін меңгеруіне және қазақ әдебиетін насихаттауға ықпал етті.
Community discussions
Обсуждений не найдено
