Білім беру ұйымдарының басшыларымен, педагог қызметкерлермен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама бойынша семинарлар өткізу

20.03.2024



Қаңтардың 12-сы күні мектеп директоры Жарменова Гульмира Сергазиевна ұжыммен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама жұмысы бойынша, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қоғамда парасаттылық мәдениетін қалыптастыру жөніндегі жұмыстың маңыздылығы туралы айтты, сондай-ақ профилактикалық әңгімеге қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет мәселелері түсіндірілді.
Жиналғандарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы институтын ұйымдастыру, есептілікті жүргізу, оны жетілдіру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар туралы жеткізілді.
Осыған байланысты білім беру ұйымының басшыларына мекеменің, сондай-ақ қаржы блогының қызметіне бақылауды күшейту және тұрақты негізде жүргізу тапсырылды.
Өзекті тақырыпты талқылау барлық қатысушылардың қызығушылығын тудырды. Семинар аяқталғаннан кейін қатысушылардың барлық туындаған сұрақтары бойынша толық жауаптар беріліп, әдістемелік көмек көрсетілді.




Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено