«Күз ханзадасы мен ханшайымы»

17.11.2023

16 қараша күні мектепте «Күз ханзадасы мен ханшайымы» сайысы өтті. Байқау екі кезеңнен тұрды: кабинеттерге шолу-байқау және қорытынды тур. 1-турдың қорытындысы бойынша 16 оқушы финалдық кезеңге жолдама алды.  Мектебіміздің мұғалімдерінен құралған қатаң әділ қазылар алқасына 1-4 сыныптар арасынан 8 жұп ұсынылды. Акт залына қатысушыларға қолдау көрсетуге оқушылар, ұстаздар және ата-аналар келді. Байқау бағдарламасы қызықты және жан-жақты болды. Қатысушылар ән айтты, би биледі, байқауға арналған күзгі қолөнер бұйымдарын ұсынды, ал ең есте қалғаны «Сәнді киім» байқауы болды. Сайыс бөлімдері  күзгі түрде ерекше және қызықты болды.Бағдарлама соңында қазылар алқасы өнерпаздарды бағалап, мақтау қағаздары мен бағалы сыйлықтар табыс етті.















Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено