“Абайлаңыз - балалар!” жедел профилактикалық іс-шарасы.

25.05.2023

Ағымдағы жылдың 15-31 мамыр аралығында елорда аумағында “Абайлаңыз - балалар!” жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шара жазғы демалыстың басталуы қарсаңында балалардың жол-көлік жарақаттануының алдын-алу, сондай-ақ, балалардың көшелер мен жолдарда қауіпсіз жүріп-тұруына бағытталған. Осы орайда, Астана қаласы “Алматы” ауданы Полиция басқармасының ювеналды полиция инспекторлары полиция капитандары Айгерім Даркембаева мен Лаура Наркулова мектебіміздің 4 сынып оқушылары үшін «Жол жүрү ережесін сақтаймыз!» тақырыбында алдын-алу жұмыстарын жүргізді.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено