Тәуелсіздік-мәңгілік елдің тұғыры

15.12.2022

15.12 күні  аға тәлімгер Ж.Нурушова және «Жас Ұлан» , Мектеп парламентінің ұйымдастыруымен  ҚР-ның Тәуелсіздік күніне орай  «Тәуелсіздік-мәңгілік елдің тұғыры» атты мерекелік іс-шара өтті.
Мерекелік іс-шара ҚР-ның әнұранымен ашылып, музыка пәнінің мұғалімі А.Кабдулбаровтың сүйемелдеуімен оқушылардың әсем күйімен жалғасын тапты.
«Жас ұлан» ұйымының балалары Тәуелсіздікке байланысты өлең шумақтарын оқып, көрермен жүрегіне патриоттық сезім отын ұялатты.
9,10-сынып оқушылары 1986 жылы болған тарихи оқиғаны сахналап, көз алдымызға сол бір тарихи сәтті алып келгендей болды.
«Жас Ұлан» ұйымының ұланбасы Н.Жанат «Тәуелсіздік-теңдегім» атты баяндама жасап, хормен және 4 «З» сынып оқушысы Адырбай Амирдің «Мен-қазақпын!» әнімен аяқталды.

Іс-шара соңында педагог-ұйымдастырушы Ә.Кәтәйдің ұйымдастыруымен  "Тәуелсіз Қазақстанның болашағы бала көзімен" атты сурет сайысын қорытындылап, оқушыларды марапаттады. 



Бабалар аңсаған
тәуелсіздік мерекесі құтты болсын!



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено