Оқу ағарту министрі Айтмағамбетов Асхат Қанатұлы мектебімізге келді...
11.11.2022Оқу ағарту министрі Айтмағамбетов Асхат Қанатұлы «Жайлы мектеп» жобасы аясында Өндіріс кентінде орналасқан Қошке Кемеңгерұлы атындағы 49 орта мектебімізге келіп, ұстаздар, оқушылармен пікірлесіп, ой бөлісті. Мектебіміздің материалдық базасымен танысып шығып, спорт зал, мектеп кітапханасы мен асханасын аралап оң деген бағасын беріп кетті. Мектеп бүлдіршіндерімен жүздесіп,«Оқуға құштар мектеп» жобасы, Дебат клубының мүшелерімен танысып, қалай іске асып жатқандығы туралы ақпаратпен танысып өтті.



Community discussions
Обсуждений не найдено
