Сайлау нәтижесі
20.09.2022Қыркүйектің 19-шы жұлдызында білім ордамызда Жас Ұлан ұйымының Ұланбасына ашық сайлау өткізілді. Сайлауға үміткер ретінде үш оқушы қатысты.
Олар:
1.Ақтан Нұрдаулет
2.Есенгали Диляра
3.Жанат Нұрай
Аталған үміткерлер ашық дауыс беру барысында, 6-9 сынып оқушыларына өз бағдарламаларын таныстырып, жалпы жоспарларымен бөлісті. Жалпы саны 35 сынып қатысып, 736 оқушы сайлау барысында өз таңдауын жасады!
Ал,онлайн түрде дауыс бергендер саны 278.
Екі сайлау түрінің қорытындысы бойынша
1.Ақтан Нұрдаулет 110(онлайн)+237 (офлайн)= 347 дауыс
2.Есенгали Диляра 67 (онлайн)+ 281 (офлайн)=312дауыс
3.Жанат Нұрай 101 (онлайн)+281 (офлайн)=382 дауыс
Дауыс беру нәтижесі бойынша 9 «Д» сынып оқушысы Жанат Нұрай «Жас Ұлан» ұйымының Ұланбасы болып ресми түрде сайланды!
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Сонымен қатар, «Жас Ұлан» және Мектеп парламентінің жаңа оқу жылындағы жетекшісі Ж.Нурушова болып тағайындалды.
Community discussions
Обсуждений не найдено