Кезектен тыс Президенттік сайлау өткізу туралы №64 мектеп-лицейінде ұжым жиналысы өтті.
04.11.2022Елімізде 2022 жылдың 20 қарашасында кезектен тыс Президенттік сайлау өтеді. Кезектен тыс Президенттік сайлау өткізу туралы №64 мектеп-лицейінде ұжым жиналысы өтті. Ұжым жиналысында кезектен тыс Президенттік сайлау өткізу мәселесі бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізілді. Қазақстан Республикасының Президенті бір мерзімге ғана – 7 жылға сайланатындығы туралы айтылды.
Бүгінгі күнде Мемлекет басшысы лауазымына 6 кандидат ұсынылды. Олар:
- Жигули Молдахалықұлы Дайрабаев
- Қарақат Жақсылыққызы Абден
- Қасым-Жомарт КемелұлыТоқаев
- Мейрам Зекешұлы Қажыкен
- Нұрлан СатыбалдыұлыӘуесбаев
- Салтанат Пархатқызы Тұрсынбекова
Соңында, №64 мектеп-лицей ұжымына одан әрі таныстыру мақсатында кезектен тыс Президенттік сайлау бойынша материалдар жіберілді.
Community discussions
Обсуждений не найдено
