Құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу

21.09.2022

Мектепте құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу үшін жүйелі жұмыс жүргізілуде. Осы орайда 21.09.2022 жылы мектептің мәжіліс залында ювеналды полиция қызметкерлері мен психолог, заң қызметкерлерінің қатысуымен кезекті кездесу өтті.
Кездесуде Астана қаласының «Сарыарқа» АПБ ЖПҚБ ЮПБ УПИ полиция майоры Алмаганбетова Алмагүл Жансерікқызы мектебіміздің 8-11 сыныптарының ұлдарына қылмыстық, әкімшілік және азаматтық заңдардың негізгі ережелерін түсіндірді, ата-аналары мен заңды өкілдерінің құқықтары мен міндеттері, кәмелетке толмағандар мен олардың заңды өкілдерінің кәмелетке толмағандар жасаған құқық бұзушылықтары үшін жауапкершілігі, және де қылмыс пен құқық бұзушылықтың салдары жайында айтты. Қазіргі қоғамдағы жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтар мәселесі ең күрделі және даулы мәселелердің бірі болып табылатынын, себебі оның салдары жиірек ауыр және шешілмейтін жағдайларға әкеліп соғатынын айтты. Сонымен қатар, полиция майоры оқушылардың сұрақтарына жауап берді.
Келесі кезекте “Право” қоғамдық фонды психологы Ермекқызы Камила және заң қызметкері Рамазан Асель Ерланқызы кәмелет жасқа толмағандардың арасында қылмыстың алдын-алу, құқық бұзушылықтың, нашақорлыққа, әлімжеттікке, суицидке жол бермеу, тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы бойынша әңгіме жүргізіп, лекция оқыды.
Кездесу қатысушылары жасөспірімдер арасында жасалатын құқық бұзушылық әрекеттердің алдын алу мен қалалық құтқару қызметтерінің жұмыс істеуіне қатысты сұрақтарын қойды.
Әңгімелесу соңында полиция қызметкерлері оқушыларға оқуда және болашақта табыс тіледі.
Ювеналдық полиция инспекторлары оқушылармен күнделікті түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Өйткені, жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету басты назарда болуы шарт.
 
 
 
 
 
 
 
 
 



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено