Спорт шеберлігіне үміткер

19.09.2022

Спорт шеберлігіне үміткер

Қазақша күрес – қазақ халқының ерте кезден қалыптасқан спорт ойындарының бірі. Басқа күрес түрлерімен салыстырғанда қазақша күрестің өзіндік ерекшеліктері көп.

Мектебіміздің 9 «Д» сынып оқушысы Ж. Бекпенбетов қазақ күресінен спорт шеберлігіне үміткер атанды. 5 жылдан бері үздіксіз қатысып, түрлі деңгейдегі жарыстарда оң нәтиже көрсетіп келеді. Павлодар қаласы Баянауыл ауданында өткізілген Республикалық жарыста 38 кг салмақ дәрежесінде ІІ орын иеленді. Сондай-ақ, спорт шеберлігі нормативін тапсырды.

Оқушымыздың жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз. Ел намысын білегі мен білімімен қорғайтын азамат болып өсе беруіне тілектестік білдіреміз



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено