«Нұр-Сұлтан қаласы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы № 48 мектеп-лицей» КММ бос жұмыс орындарға конкурс жариялайды

16.08.2022

  • Әлеуметтік педагог
  • Математика пәнінің мұғалімі
  • Химия пәнінің мұғалімі
  • Көркем еңбек пәнінің мұғалімі (қыздарға)
  • Физика пәнінің мұғалімі
  • Тарих пәнінің мұғалімі (уақытша, декрет демалысындағы мұғалімнің орнына)

 

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 17 – 25 тамыз аралығында сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін қабылданады.

 

Конкурстың өту орны:

Нұр-Сұлтан қаласы

«Алматы» ауданы

Ж.Жирентаев көшесі, 15/2

«Нұр-Сұлтан қаласы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы № 48 мектеп-лицей» КММ

 

Анықтама үшін байланыс телефондар:

50-16-56, 5016-57 (қабылдау бөлімі)

 

Кандидатқа қойылатын біліктілік талаптар:

«Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 391 бұйрығына сәйкес қойылады.

 

Талап етілетін құжаттар:

  • «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерінлауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығының 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  • Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
  • Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген (бар болса);
  • Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
  • еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
  • "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) (075 форма).
  • психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
  • наркологиялық ұйымнан анықтама;
  • Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
  • 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

 



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено