"Тәтті" жазғы лагері 10-күн
14.06.2022«Тәтті» жазғы лагерінің балалары 14-маусымда таңғы жаттығудан соң лагердің 1 кезеңінің аяқталуына орай ұйымдастырылған салтанатты жиын өтті. Жаз айы – мектеп оқушылары үшін ерекше ықыласпен күтілетін уақыт. Жыл бойы сабақ барысындағы, тоқсан арасындағы берілетін күндер демалыс болып есептелгенімен, жаз кезіндедегідей демалыстың мол мүмкіндігін бере алмайды. Жазғы демалыс – мектеп оқушыларының жалпы физиологиялық, сана – сезімдік, дүниетанымдық тұрғыда даму, жетілу кезеңі. «Тәтті» лагері осы жағдайлардың қалыптасуына өз ықпалын тигізді. «Лагерь ханшайымы» сайысы ұйымдастырылды. Ең керемет өнер көрсеткен қатысушылар мақтау қағазымен марапатталды. «Жазғы демалыс академиясы» жобасын іске асырудағы және мектеп жанындағы демалыс лагерін ұйымдастырудағы белсенділігі үшін тәрбиешілер де алғыс хатпен марапатталды.
Тіл үйірмелері, музыка үйірмесі өткізілді. Оқушылар аспаптармен ойнауға деген қызығушылықтары артты.
Мектептің медицина қызметкері де қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыздандырылып, жазғы демалыс кезіне оқушылар денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау бойынша сауықтыру бағдарламасын құрастырғандықтан, лагерь кезінде оқушылармен әңгімелер, сабақтар өткізді.
Мектеп асханасында балалар күнделікті пайдалы, әрі дәмді тағамдармен тамақтанды. Асхана балаларды балғын тағамдарымен, кіршіксіз тазалықпен қарсы алып отырды. .
Лагерь қызметкерлері өз жұмысына жауапкершілікпен қарап, қызметтерін тиянақты орындады.




Community discussions
Обсуждений не найдено
