Озат тәжірибе жұмысы - жаңа педагогикалық құндылықтарды игерудің тиімді құралы

27.04.2022

Ғали Орманов атындағы №7 мектеп-гимназиясында  2022 жылдың  27сәуір күні «Шебер ұстаздар» озат тәжірибе мектебінің  ұйымдастыруымен  «Озат тәжірибе жұмысы -  жаңа педагогикалық құндылықтарды  игерудің тиімді құралы» тақырыбында шебер сынып өтті. Шебер  сынып барысында озат тәжірибесі зерделеніп  жатқан мұғалімдер  Тоқбергенова  Ж.О., Идрисова  А.Б.  жаңа инновациялық,  ақпараттық технологияларды тиімді қолдана отырып, нәтижеге жету жолдары туралы өз  тәжірибелерімен  бөлісті.

Ағылшын тілі пәні мұғалімі Ж.О.Тоқбергенованың «Ағылшын тілі сабағында оқушылардың байланыстырып сөйлеу қабілетін арттыру» тақырыбындағы шебер сыныбы әлемдік озық тәжірибелерді зерттей отырып ағылшын тілін оқыту сапасын арттыруға ден қоюымен ерекшеленді. Шебер сынып барысында мұғалім түрлі дидактикалық жаттығулар мен іздендіруге арналған тапсырмалар жинақтап, оқушылардың теориялық білімдерін жетілдіре түсуге әсері барын дәлелді пікірлермен көрсетті. Шебер сынып оқушылардың ағылшын тілін оқытудың сапасын арттыру, оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіруде жаңа инновациялық  ақпараттық технологияларды қолданудың маңызын көрсетумен тиімді болды.

Тарих пәні мұғалімі А.Б.Идрисова  «Авторлық бағдарлама - оқушы білімін кеңейту мен іздендіру құралы» тақырыбындағы шебер сыныбында

 өзі жасаған авторлық бағдарламасының оқушының  жеке тұлғалық бейімі мен әлеуметтік бейімін, коммуникативтік қабілетін қамтамасыз етудің құралы болатынын оқушылардың зерттеу, ізденіс жұмыстары арқылы көрсетті. Сонымен қатар ізденіс жұмыстарының оқушылардың ғылыми жоба, зерттеу жұмыстарына тартуға негіз болып жатқандығын нақты мысалдармен дәлелдеді.

 



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено