Жалпы орта білім беру ұйымдарының тәрбие жұмысы бойынша әдістемелік көмек көрсету және зерделеу жұмыстары жүргізілді

29.03.2022

Мектеп – білім беру мекемесі. Ондағы барлық құндылықтар мен жұмыстар оқушы мүддесіне бағытталған. Оның ішінде оқушыны дұрыс қалыпта тәрбиелеу, үлкен өмірге бағыттауда ата-ана мен мектептің атқарар рөлі зор.

Осы орайда, 2022 жылғы 29 наурыз күні Міржақып Дулатұлы атындағы № 68 мектеп-гимназиясында тәрбие жұмысы бойынша әдістемелік көмек көрсету және зерделеу жұмыстары өтті.

Аталмыш жұмыстарды Нұр-Сұлтан қаласы Білім беруді жаңғырту орталығының тәрбие және тұлғаны дамыту бөлімінің басшысы Г. Бекетаева, тәрбие және тұлғаны дамыту бөлімінің әдіскері Д. Джунусова мен № 59 мектеп-лицей директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Қ. Мейман жүргізді.

Тәрбие жұмысының ұйымдастырылуы,
«Адал ұрпақ» ерікті клубы,
Оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру,
Үйірмелер,
Өзін-өзі басқару ұйымдары,
Сынып жетекшілік,
«Жас Ұлан» ұйымы,
Парламент,
Әлеуметтік педагог,
«Мектепке жол» акциясы,
Тамақтану және т.б көптеген жұмыстардың дұрыс ұйымдастырылуына кешенді зерделеу жүргізілді.

Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ж. Рустемова мониторингтік топ мүшелеріне қажетті құжаттарды ұсынып, жұмыстар мен мектеп ішімен таныстырды. Асхана, спорт залдары мен киім ауыстыру бөлмелері, сынып кабинеттері, қосымша білім беру, кітапхана мен «Алаш жолы» субъективті музейіне шолу жасалды.

Зерделеу жұмыстарының нәтижесінде тиімді ұйымдастырылған жұмыстарға оң баға беріліп, айтылған ескертпелер назарға алынды. Мектеп жұмысының одан әрі жетілдірілуіне, үздік нәтижеге қол жетуіне әдістемелік көмек көрсетіп, қолдау білдірген Білім беруді жаңғырту орталығының тәрбие және тұлғаны дамыту бөліміне өз алғысымызды білдіреміз.




Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено