дене шынықтыру пәні декадасы

23.02.2022

14.02-25.02.2022 күндері мектебімізде дене шынықтыру пәні декадасы өтті. Дене шынықтыру пәні декадасының ашылуына арнайы алыс қашықтыққа жүгіретін спортшы, жүгіруден халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 20 ғасырдың 90-жылдары “Гиннестің рекордтар кітабына” жеті рет тіркелген Жыланбаев Марат Төлегенұлы келді. Оқушылар дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің дайындаған бейнероликтерін тамашалады. Марат Төлегенұлы оқушыларға спорттың өмірге қаншалықты керек екендігін түсіндіріп өтті. Оқушылар өз сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Дене шынықтыру декадасында көптеген ойын, жаттығу түрлері өткізілді. Қазақша күрестен мектеп барысы сайысы өткізілді.











Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено