5 "Ж" сынып оқушылары Сәкен Сейфуллин мұражай үйіне география пәнінің мұғалімі Нұрлыбек Амандықұлымен бірге экскурсия жасап келді.
23.02.2022Жаратылыстану бірлестігі апталығы аясында 23.02.2022 ж. Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицей 5 "Ж" сынып оқушылары Сәкен Сейфуллин мұражай үйіне география пәнінің мұғалімі Нұрлыбек Амандықұлымен бірге экскурсия жасап келді. Қазіргі қазақ әдебиетінің негізін құраушы, ақын және жазушы, қоғам және мемлекет қайраткері.Қазақстан Жазушылар одағының негізін қалаушы. Алғашқылардың бірі болып Қырғыз АКСР Халық Комиссарлары Кеңесінің Төрағасы (1920-1925) (Премьер-Министр) қызметін атқарды .Сәкен Сейфуллиннің Қазақ халқына сіңірген еңбегі көп, 1925 жылы (Киргиз) деген қате атауды "Қазақ" деген атауға қайтарып берді. Тәуелсіздік оңай жолмен келген жоқ, балалар өз көздірмен көріп,танысып, ұғынсын деген мақсатта мұражайға саяхат ұйымдастырылды. Бабаларымыз ұлт азаттық жолында өз жандарын құрбан етті. Бабалар рухына мың тағзым.


Community discussions
Обсуждений не найдено