Нұр-Сұлтан қаласы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейінің «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты он күндік аясында 9-11 сыныптар арасында өткен «Абай насихаттаған ақиқат білім» тақырыбында пікір-алысу
03.02.202203 ақпан күні мектебіміздің 9-11 сынып оқушылары арасында «Абай насихаттаған ақиқат білім» тақырыбындағы пікір алысу өтті.
Осы шарада оқушылар арасында Абайдың «Толық адам» тұжырымдамасына қатысты адамның рухани болмысы туралы сөз қозғалды. Нақтылап айтар болсақ ақыл, қайрат, жүрек мәселелері туралы айтылды. Ақыл мен жүрек туралы әлемдік деңгейдегі басқа да ғұлама ғалымдардың айтқандары сөз етілді. Соның ішінде түрік оқымыстысы О.Н.Топпаш, Ә.Рудаки, Нұртуған Кенжеғұлұлы сынды данышпандардың жүрек туралы, жүректің рухани мәні туралы айтқандары салыстырмалы түрде талқыланды.
Community discussions
Обсуждений не найдено
