Жаңа оқу жылының бағдарламасын жүзеге асыру
05.11.2021Қарашаның 5-і күні А.Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейде «2021-2022 оқу жылының басты міндеті - білім алушылардың өткен оқу жылындағы білімін толықтыра отырып, жаңа оқу жылының бағдарламасын жүзеге асыру» тақырыбында білім олқылықтарының орнын толтыру жұмысы жайында мектеп директоры З.Садыкованың үйрету семинары өтті. Семинарға бірлестік жетекшілері мен тәжірибелі педагогтар қатысты. Үлгерімі төмен білім алушылармен жұмыс жасау алгоритмі таныстырылып, жұмыс жоспары құрылды.


Community discussions
Обсуждений не найдено
