"Мұғалімнің құзыреттілігінің тұлғалық-кәсіби өсуі-дене шынықтыру сабағы тиімділігінің негізі"

26.10.2021

2021 жылдың 26 қазанында №15 мектеп-лицейінің базасында "Мұғалімнің құзыреттілігінің тұлғалық-кәсіби өсуі-дене шынықтыру сабағы тиімділігінің негізі"атты қалалық семинар – практикум өтті.

Семинарға "Шығыс" БЖО директорының орынбасары Искакова Г.Г., сараптама тобының мүшелері Шомаев А. Т. - №4 МГ дене шынықтыру мұғалімі, Куандыков Е. Б.-№59 МЛ дене шынықтыру мұғалімі, Абдуахитова А. М.-№18 ОМ дене шынықтыру мұғалімі және Нұр-сұлтан қаласы мектептерінің 27 дене шынықтыру мұғалімі (жас мамандар) қатысты.

№15 мектеп-лицейінің дене шынықтыру мұғалімдері сабақты оқыту әдістемесі, АКТ технологияларын сабақта қолдану бойынша өз тәжірибелерін көрсетті.

"SMART" бойынша коучингте  -Қ.Ж. БАЙБОТАНОВ өткізген сабақтың мақсаттарында, жас мамандар "ақылды" мақсаттар қоюды , "велосипед тізбегі" стратегиясы арқылы "SMART"-мақсаттарын  анықтауды үйренді.

Болатхан А.өткізген дене шынықтыру сабақтарында тиімді интерактивті әдістер мен тәсілдерді қолдану бойынша презентация-сабақ өте қызықты өтті. Сабақтың практикалық бөлімінде жас мамандардың өздері Синквейн, Венн диаграммаларын құрастырып, ПОПС формуласын игерді.   –

Волейбол ойыны неден басталады? Проблемалық сұрақ қоюдан -өз шеберлік сабағын Бектемір Е. бастады, семинарға қатысушылар волейбол добын лақтыру техникасын пысықтауға белсенді қатысты.

Семинарға қатысушылар Л. Мещерякова өткізген 4-сынып командалары арасында Көңілді старттарда эмоционалды және спорттық заряд алды.

 Бектемір Е., Абсагатова А., Кошербаева А. ашық сабақтары жоғары деңгейде өтті.

Семинар соңында жас мамандар өткізілген семинардың тиімділігі мен практикалық маңыздылығын атап өтіп, мектеп әкімшілігіне алғыстарын білдірді.

  



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено