Нұр-Сұлтан қаласының құрметті педагогі
01.10.2021Ұстаз ұлы тұлға. Өз уақтын аямай, өзгенің бақытын аялаған жан.
Биыл «Нұр-Сұлтан қаласының құрметті педагогі» байқауы екінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр. Байқауға қала мектептерінің мұғалімдері қатысты. Оның ішінде қалалық, республикалық және халықаралық байқаулар мен олимпиадаларға оқушы дайындап, нәтиже көрсетіп жүрген ұстаздар бар.
Мектебіміздің тарих пәнінің мұғалімі, педагог-шебер Ж. Сабанбаева «Нұр-Сұлтан қаласының құрметті педагогі» байқауының жеңімпазы атанды. Қала әкімі А. Көлгінов арнайы төс белгімен марапаттап, 1 000 000 тг (342 АЕК) көлемінде ынталандыру сертификатын табыстады.
Осы орайда, әріптесімізді құттықтай отырып, Ұстаздар күні қарсаңындағы қуанышты жаңалық ұзағынан болсын!
Community discussions
Обсуждений не найдено