Бейінделу тренингі

01.10.2021

Бейінделу тренингі

1 қазан күні, Мұғалімдер мерекесінің қарсаңында, мектебімізге жаңадан келген педагогтерге арналған бейінделу Тренингі өткізілді. Тренингтің негізгі мақсаты –  педагогикалық әрекеттесудің маңызды аспектілерінің бірі болып табылатын  коммуникативтік құзіреттілікті  жетілдіру және корпоративтік мәдениетті дамыту жұмыстары арқылы жаңадан келген мұғалімдерге әкімшілік және ұжымдық қолдау көрсету.

 Іс-шара барысында мұғалімдермен танысу тренингі жүргізіліп, дұрыс коммуникация жасаудың маңыздылығын ашатын «Саңырау телефон» ойыны ойнатылды. Қатысушылар тиімді қарым-қатынас жасау үшін не кедергі болады деген сауал төңірегінде өз ойларын ортаға салып, педагогикалық имидждің негізін қалайтын корпоративті мәдениеттің ережелерін құрастырды.  Тренингтің қорытынды бөлімінде қатысушы мұғалімдерге заманауи білім берудегі  PR-технологиясының ерекшеліктері туралы ұсынылған ақпараттарды практикада пайдалану жұмысы ұсынылды. Рефлексия барысында жаңадан келген мұғалімдер іс-шараның тиімділігі мен маңыздылығы жоғары болғанын атап өтіп, осындай ұжымдық-әкімшілік қолдау тапқанға алғыстарын білдірді.









Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено