1 қыркүйек-білім күні!
01.09.20211 қыркүйек-білім күні. Бүгінгі мереке басқа мерекеден өзге. Өйткені, биыл Тәуелсіздігімізге 30 жыл толып отыр және балалар сүйікті кітабы "Әліппемен" қайта қауышпақ.


Оқушылар да, ата- аналар да үлкен сағынышпен мектепке оралды. Құшақтары гүлге толған бала мен жүздері жадыраңқы ата- аналар мектепке лек-легімен ағылды. Салтанатты жиында балаларға "Әліппе" кітабы құрметпен табысталып, күміс қоңырау үнімен білім есігін ашты.

Community discussions
Обсуждений не найдено
