1 Қыркүйек-Білім күні 2021

01.09.2021

 

         Биылғы 2021-2022 оқу жылында №15 мектеп-лицейінің  1 сынып оқушылары мектеп табалдырығын аттады.

      Кел, балалар, оқылық,

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық.

Оқысаңыз, балалар,

Шамнан шырақ жағылар,

Тілегенің алдыңнан,

 Іздемей-ақ табылар,- деп қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, қоғам қайраткері Ыбырыай Атынсарин жырлап өткендей, бүгінгі алғашқы қоңырауға арналған «Кел, балалар, оқылық!»  атты салтанатты жиын өтті.

     Бүгін барша Қазақстандықтар үшін ерекше мереке. 1 қыркүйек дәстүрлі Білім күні мерекесі,  оның мақсаты өскелең ұрпақтың білімге деген ынтасын арттыру және жаңа оқу жылының алдында мереке атмосферасын құру болып табылады.

1 қыркүйек - бүкіл балаларының мерекесі, өйткені, бұл күні барлық калалар мен ауылдарда тұратын кішкентай бүлдіршіндер сөмкелері мен кітаптарын алып, тұңғыш рет сынып есігін ашу үшін мектепке бара жатады.  Салтанатты саптүзеуде

1-ші сынып оқушыларына Білім кітабы «Әліппе» оқулығы табыс етілді. Оқулық-сан алуан қызықтары мен құпиялары мол, мөлдір де шексіз дария секілді, Осы дариядан білім нәрін алып, шыңдалып, биік белестерге, ғылым мен өнер шыңына жеткізеді.               

        Саптүзеу соңында алғашқы ұстаздары сынып бүлдіршіндерін қарсы алып, алғашқы рет сынап есігін ашқызды. Сыныпта Білім күніне арналған «Кел, балалар, оқылық» атты  сынып сағаттары өткізілді. 1 қыркүйек Білім күні құтты болсын!!!

     



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено