«Жырлайды жүрек» онлайн-байқау

12.05.2021

    2021 жылдың 29 сәуір мен 7 мамыр күні аралығында ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Г.Ускенбаева мен Н.Даривханның ұйымдастыруымен 5-7-сынып оқушылары арасында «Жырлайды жүрек» атты Мұқағали жырларының ән-жыр онлайн-байқауы болып өтті.
     Бұл байқаудың мақсаты- ақиық ақын Мұқағали талантын оқушы жүрегіне ұялату, шығармашылығының дамуына, рухани байлығының жоғары болып, жан-жақты азамат болып қалыптасуына үлес қосу.
Байқау шарттары:
1. Орындаған әніңізге, оқыған өлеңіңізге 3 минуттан аспайтын бейнематерал дайындап, вацап желісіне жіберу,
2. //Мuqaqaliani2021хэштегі арқылы бейнематериалыңызды жариялау,
3. Мuqaqali_cluby74.nur инстаграм парақшасына тіркелу,
4. Көп дауыс (лайк) жинау.
    Байқауға қатысқан оқушылардың әнді нақышына келтіріп айтқанына, сапалы түсірген бейнематериалына және көп дауыс жинағанына қарай М.Мақатаевтың сөзіне жазылған әнді тамылжыта орындаған 5 «в» сынып оқушылары Қабдыл Зере мен Қабдыл Айбек және 5 «б» сынып оқушысы Алданышбай Айсәуле бас жүлдеге ие болса, М. Мақатаев өлеңін мәнерлеп жатқа айтудан 6 «б» сынып оқушысы Жарас Нұрай 1-орынды иеленді.
Мұқағали Мақатаев - өзінің лирикасының тілі арқылы қазақ поэзиясына өзінің қолтаңбасын қалдырған ақын.Оның сөзіне жазылған әндер бүгінгі таңда барша жұрттың жүрегінен орын алып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін жан серігіне айналды.




Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено