КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ. ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКА, ҚАРЖЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДА УНИВЕРСИТЕТІ
21.04.2021КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ
ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКА, ҚАРЖЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДА УНИВЕРСИТЕТІ
Кәсіптік бағдар беру, қоғамның әрбір мүшесінің міндеті. Соның ішінде білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі болып отыр. Ол білім беру жүйесінде кәсіптік бағдар беру жұмысы арқылы жүзеге асады. Кәсіптік бағдар беру-қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіпке қызығушылығын қалыптастыруға және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесуде.
Аталған міндеттерді жүйелі түрде орындау мақсатында ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКА, ҚАРЖЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДА УНИВЕРСИТЕТІ мен №37 мектеп-лицейінің түлектерімен кездесу ұйымдастырылды. Университет өкілі, дайындайтын мамандық түрлерін оқушыларға презентациялап толық ақпарат берді. Кездесуде оқушылар сұрақтар қойып, өздерінің қызығушылықтарын білдірді. Оқушыларымызға мамандық таңдауға септігін тигізген ҚЭҚХС университетіне алғысымызды білдіреміз.
https://m.facebook.com/groups/astana37/permalink/1101584350323704/
Community discussions
Обсуждений не найдено
