ҰБТ-ға дайындықты психологиялық сүйемелдеу
15.04.20212021 жылдың 15 сәуірі күні мектеп бітіруші түлектердің мемлекеттік емтихан және ҰБТ-ға дайындық кезеңдерін психологиялық сүйемелдеу мақсатында І.Жансүгіров атындағы №58 мектеп-гимназиясының педагог-психологі А.Б.Ахметова 11-сынып оқушыларымен тренинг-сабақ өткізді.
Оқушыларды оңтайлы көңіл-күйге ендіру мақсатында «Сіздің көңіл-күйіңіз қандай?» жаттығуы орындалды. Оқушылармен еркін әңгіме алаңында «Сіз үшін ҰБТ дегеніміз не?» тақырыбында әңгіме-сұхбат жүргізілді. Әңгімелесу барысында оқушылар өз ойлары мен қобалжулары туралы ой бөлісті. Армандары мен мақсаттары туралы, дайындықтары жайлы сөйлесті.
ҰБТ-ға психологиялық дайындық бойынша келесідей ұсыныстар берілді:
- Емтихандарға тиімді дайындалу және қобалжуды ырықта ұстай білуге төселу
- Жүйке-бұлшық ет күштенуін бодырмауға үйрену
- Өзіне сенімділікті дамыту
- Өзін бақылай білуге дағдылану
- Есте сақтаудың тиімді тәсілдерін меңгеру


.jpeg)

Community discussions
Обсуждений не найдено
