“Қош келдің, берекелі Наурыз!” атты әдеби-сазды концерттік бағдарламасы өттi
16.03.2021 Мерекелік қойылымның шымылдығы театрландырылған оқушылардан құралған “Тіршіліктің оянуы” көрінісімен ашылды. Кеш барысында мектебіміздің ұстаздары мен оқушыларынан ұйымдастырылған Сапар Ахметжанұлы жетекшілік ететін ансамбль ортаны ерекше көңіл-күйге бөледі. Отбасылық өмірдің ізгі тұстары көрініс тауып, қазақтың салт-дәстүрлері ұлықталып көрермендерге жағымды әсер қалдырды. Аталған мерекелік кеш, өзге кештерден өзіндік артықшылықтарымен ерекшеленді. Ұлттық құндылықтармен қазақи тағылымға толы кештен көрерменнің түйгені көп. Мұғалімдерден құралған хор келген меймандарды әсем әнге бөлеп, Абай әнін тамылжыта шырқады. Мектеп директоры Айгүл Оңдағанқызы мектеп ұжымын ата-аналарымызды, оқушыларымызды түркі халқына ортақ мереке Наурыз мейрамымен құттықтап, алғысын білдірді.
Ұлыстың ұлы күні әз Наурыз мейрамы әр шаңыраққа құт-береке әкелсін дейміз💐💐💐
#наурызмейрамы
#ұлыстыңұлыкүні
Community discussions
Обсуждений не найдено