М.Мақатаевтың 90 жылдығына орай "Поэзия! Менімен егіз бе едің?"

09.02.2021

Нұр-Сұлтан қаласы М.Жүсіп атындағы №57 орта мектебінің 7- сыныптар арасында қазақтың ақиық ақыны М.Мақатаевтың 90 жылдығына орай "Поэзия! Менімен егіз бе едің?" атты әдеби кеш өтті. Кеште Мұқағали өлеңдерін сүйіп оқитын оқушылар көркем сөз оқу сайысына қатысты. Мұқағали Мақатаев – қазіргі қазақ поэзиясының классигі, ұлтымыздың ұлы ақыны.Туған халқының арман – мақсатын терең түсінген, толғай жазған, сөйтіп, жанның жыршысы болған, ұрпағына ұран болған ақиық ақынның жалынды жырлары тыңдалды. Жылдар тізіліп өткен сайын Мұқағали ақынның бейнесі тұлғалана, биіктей түседі. Оның рухани қазынасын ұлт иелігіне асыратын XXI ғасырдың ұрпағы.
«Ғасыр ақыны» атанған Мұқағали жырлары жылдан -жылға, ғасырдан- ғасырға жалғаса бермек! Мұқағали-мәңгілік өмір!

ывыв

ывыв



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено