Өзін-өзі тану пәні бойынша өткізілген онкүндіктің қорытындысы
12.02.2021Мақсаты: рухани – адамгершілік білім беру жүйесін жандандыру, оқушылардың шығармашылық қабілетін ашу. Өздігінен білім алуға, мейірімділікке тәрбиелеу мен өзін-өзі жетілдіруге ынталандыру. Онкүндігінің салтанатты ашылуы «Сүйіспеншілік – өмір негізі» тақырыбында лездемеден басталды. Лездемені 5-10 сынып оқушыларына пән мұғалімдері Н.А. Ақжанова мен Б.К. Шаймерденова өткізді. Өзін – өзі тану пәнінің ӘБ жетекшісі Шаймерденова Б .К. «Өзін – өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты өткізілген дәстүрлі онкүндіктің жоспарымен таныстырды. «Өзін –өзі тану » рухани – адамгершілік білім беру жобасының авторы Сара Алпысқызының еңбек жолдары айтылды.
Апталық "Жақсылық смайлигі"акциясына қатысудан басталды. Мәтін мен смайликті барлық достарыңызға, туыстарыңызға және таныстарыңызға жақсылық тілей отырып жіберіңіз!!!!
Пусть улыбнется каждый, кто получит смайлик, пусть на душе каждого станет теплее!!!
Кітапхана меңгерушісі Попова Ю.С мектеп кітапханасында «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани бағдарламасының авторы С.А. Назарбаеваның қызметі туралы, оның ішінде автордың жазған кітаптары мен қазақстандық және әлемдік ойшылдардың, педагог-гуманистердің шығармаларының көрмесін ұйымдастырды. Оқушылар қызығушылықпен Сара Алпысовна туралы кітаптарды оқып, оның еңбектерімен танысты.
05.12 күні 1-8 сынып аралығында « Алтын жүрек анамыз » атты мәнерлеп оқу сайысы болды. Оқушылар ақын-жазушыларымыздың «Ана» туралы өлеңдерін оқып, сонымен қатар өз шығармашылығынан да өлеңдерін ортаға салды. Оқушылардың мәнерлеп оқыған өлеңдері жинақталып, бейнеролик жасалды.
Онкүндіктің аясында 02-11.02 аралығында «Ана», «Бейбітшілік», «Достық», «Мейірімділік» тақырыптарында 1-8 сынып арасында сурет сайысы болды. Оқушылардың салған суреттері жинақталып, бейнеролик жасалды.
03.02. күні Утегенова Г.М. 1 «Ә» кезекші сыныпқа «Қарым-қатынас әліппесі» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ барысында ұйымдастыру кезеңі 5 Т ережесімен басталды. «Гүлдер әуені» арқылы «Тыныштық сәті» өтілді. Әңгімелеу (сұхбат) барысында оқушыларға «Мұғалімнің сыйы» ретінде «Күре» анимациялық фильм көрсетілді, оқушылар қызығушылықпен тамашалап, фильм соңында қойылған сұрақтарға жауап берді. Оқушылар өздері дайындап келген тақпақтарын жатқа айтты. Шығармашылық жұмыс арқылы дәптерге жақсы қарым - қатынаста болу үшін тақтадағы сөздердің маңыздысын теріп жазу жұмысы орындалды. Оқулық бойынша берілген жағдаяттарды шешіп, оқушылар өз ойларын ортаға салып сабақты қорытындылады.
03.02. күні 1 «В» сыныбында Аскарова Г.М. «Азбука общения» тақырыбында Google meet платформасында ашық сабақ берді. Оқушылар «Слово - ключ, открывающий сердца» атты дәйексөздің мағынасын ашты. Оқушылар тақырыпқа сай өлеңдер оқыды. Шығармашылық жұмыста «Сыпайы сөздер» атты ойын ойнады. Сабақтың соңында оқушылар алған әсерлерін "Достық" суретінің айналасында алдын-ала кесілген алақандарға жазып ілді. Мұғалім өз мақсатына жетті. Сабақ қызықты өтті.
03.02. күні 8 «А» сыныбында Шаймерденова Б.К. «Менің сыныптасым» тақырыбында Google meet платформасында ашық сабақ өтті. Мұғалім сабақты презентация, видео материал қолданды. Сыныпта психологиялық ахуал орнатып, оқушылар зейінін өзіне аударды.Тыныштық сәтін баяу әуенді тыңдап, жақсы көңіл -күймен бастады. Оқушыларға Авраам Линкольннің «Адам өміріндегі ең тамаша нәрсе – оның басқа адамдармен қарым-қатынас» атты дәйексөзі ұсынылды. Оқушылар дәйексөздің мағынасын түсіндірді. Мұғалім сыйы ретінде «Менің сүйікті досым», «Дос таңдай білесіз бе ?» бейне көрсетілімдері көрсетілді. Оқушылар бейне көрсетілімнен көргендерін талқылап, өз ойларын ортаға салды. Шығармашылық жұмыста презентацияда жазылған ұлдар мен қыздардың бойындағы қасиеттерді қолданып, оқушылар сыныптастарына мінездеме беріп өтті. Кері байланыс жүргізіліп, сабақты қорытындылады.
04.02. күні 10 «Ә» сыныбында Ақжанова Н.А. «Мен сенің өміріңнің жалғасымын» тақырыбында Google meet платформасында ашық сабақ берді. Жағымды күйге келуде «Өзіңізге тілегенді басқаларға тілеңіз!» деп әр оқушыға 10-15 секунд уақыт аралығында ішінде өзіне бір немесе бірнеше ізгі тілек тілеу тапсырылды. Сабақта Бауыржан Момышұлының «Ата-ананың қадірін білмеген – ел қадірін біле алмас» атты дәйексөзі ұсынылды. Оқушылар дәйексөздің мағынасын түсіндіріп өтті. Әңгімелеу айдарында мұғалім сыйы ретінде « ... Тағы бір жай ойыма оралады...» атты әңгімесі айтылды. Соңында оқушылар сұрақтырға жауап берді. Шығармашылық жұмыста оқушылар қанатты сөздермен танысып, бүгінгі күні сіз үшін қайсысы өзекті екендігі сұралды. Оқушылар ойларын нақты мысалмен дәйектеді. Соңғы тыныштық сәті «Әке туралы жыр» топпен ән айту ұсынылды. Оқушылар сабақ барысында алған әсерлерін ортаға салып, қорытынды жасады. Мұғалім оқушылардың шығармашылық деңгейін шыңдай білді. Сабақ өз мақсатына жетті.
08.02. күні 4 «Ә» сыныбында Итыгұлова Ж.Т. «Ар-ұждан ғылымы» тақырыбында Google meet платформасында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында ұйымдастыру кезеңі 5 Т ережесімен басталды. Тыныштық сәті Моцарт «композиция» арқылы оқушылар ойы шоғырланды, балалар адалдық қасиетінің мағынасын аша білді. А.Құнанбаевтың «дана» сөзі дәйексөз ретінде алынып, шыншыл, қарапайым қасиеттерінің мағынасы ашылды. Сонымен қатар «Бірге оқиық»» айдарында әңгімелеу (сұхбат) мұғалім сыйы ретінде Ш.Құдайбердіұлының өмірбаяны бейнежазба арқылы көрсетіліп, мағыналы сұрақтармен әңгіме өрбіді. Шығармашылық жұмыс арқылы Шәкәрімнің «Анық пен қанық» өлеңін балалар екі жолдан оқи отырып, мағынасын аша білді және оқулық бойынша 2-тапсырмаға берілген даналар сөздері оқылып, оқушылар өз ойларын ортаға салды. Қорыта айтқанда, сабақ өз мақсатына жетті, ақиқат құндылығы мен қасиеттерін оқушылар жете түсініп, жоспар бойынша берілген тапсырмалар орындалды.
08.02. күні 6 «Д» сыныбында Тюлембаева Б.Г«Дружба в классе» тақырыбында Google meet платформасында ашық сабақ берді. Сабақ «Су асты патшалығына саяхаты» тыныштық сәтінен басталды. Оқушылар тыныштық сәтінен алған әсерлерін айтып өтті. Б. Соқпақбаевтың "Менің атым Қожа" повесінен үзінді ұсынды. Оқушылар көргендерін ортаға салып, сұрақтарға жауап берді. Достық үшін қажет жалпы адамзаттық құндылықтарға тоқталды. Оқушылар шығармашылық жұмыста жағдаяттарды талқылады. Оқушылар "Ты да я, да мы с тобой" әнін хормен айтты. Мұғалім оқушылардың шығармашылық деңгейін шыңдай білді. Сабақ барысында оқушылар белсенділік пен қызығушылық танытып, өз ойларын еркін жеткізді. Сынып шынайылығымен және жоғары зияткерлік қабілеттерімен ерекшеленді.
08.02. күні Оспанова А.М. 3 «В» сыныпқа «Щедрость и великодушие» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақта қолайлы орта құру "Су асты патшалығына саяхат" тыныштық сәтінен басталды. Сабақтың дәйексөзін талқылау арқылы оқушылар жауаптарын қорытындылады. "Мұғалімнің сыйы "ретінде оқушыларға"«Просто так» ертегісін көруді ұсынды .Ертегіні көріп, адамдар бір-бірін бағалау ,құрметтеу, сыйлау қажет екенін айтты. Шығармашылық жұмыста оқушылар "Иә-жоқ" ойнын айнады. Ойын өте әсерлі болды. Оқушылар алдын-ала дайындаған ашық хаттарымен таныстырып, ондағы керемет тілектерін сыныптастарына сыйға тартты.
10.02. күні 10 «В» сыныбында Надирова А.Т. «В семейном кругу» тақырыбында Google meet платформасында ашық сабақ өткізді. Сабақ "Орманға саяхат" тыныштық сәтінен басталды. В.Сухомлинскийдің дәйексөзін талдады. Мұғалім отбасындағы адамдар бір-біріне жақсылық , игі істер жасауы, жан дүниесіне махаббат пен жарық әкелуді, ұрпақтарына пайда әкелуі деп түсінік беріп өтті. Мұғалімнің сыйы ретінде «Две семьи» астарлы әңгімесін ұстынды. Оқушылар әңгімені тыңдап, өмірмен байланыстырып өз ойларын ортаға салды. Шығармашылық жұмыста оқушылар "Отбасы" сөзімен синквейн құрастырды және отбасы туралы мақал-мәтелдердің көптеген мысалдарын келтірді. Сабақ топтық әнмен аяқталды. Сабақта мұғалім мен оқушы арасында қарым-қатынас жақсы жолға қойылғаны байқалды. Оқушылар сабақта ашылып, өмірдің маңызды құндылықтарын атап өтті.
10.02. күні Ж.Т.Итыгұлова «Жақсылық жолымен жүреміз!» тақырыбында 2-4 сынып оқушылары арасында сыныптан тыс іс-шара ұйымдастырды. Іс- шараға 43 оқушы қатысты. Ұйымдастыру кезеңінде С.Ақылай «Үйрендім» көркем оқу бейнебаянымен тыныштық сәті ретінде басталды.«Бәрі өз қолыңда» бейнефильм төңірегінде сұрақтар арқылы ой бөлісіп, әңгімеленді. «Жақсылық жолымен жүреміз» , «Тәрбиенің асқары- Абай атам табынған» тақырыптарында 2-сынып оқушылары бес асыл іс төңірегінде өздері жаттаған өлеңдерін оқып, жақсылыққа апарар қасиеттерін айта отырып, ой бөлісті. 3-сынып оқушылары «Руханилық шыңы- Абай» Абай өлеңдері мен нақыл сөздерінің мағынасын аша отырып,өлеңді мәнерлеп оқып, жүрекке жеткізе орындады. «Құндылықтар өлкесі» 4-сынып оқушылары «Ақиқат», «Дұрыс әрекет», «Қиянат жасамау», «Сүйіспеншілік», «Тыныштық» құндылықтарының қасиеттерін өте жоғары дәрежеде жетік игергендіктерін көрсете білді. Қорыта айтқанда, іс-шара өз мақсатына жетті, жоспарланған тапсырмалар түгел орындалды. Оқушылар рухани-адамгершіліктің жеті қағидасын меңгерді. Мұғалім іс-шараны өте жоғары деңгейде аса шеберлікпен өткізді.
10.02. күні 7 «Қ» сыныбында Ақжанова А.А. «Ұжымдағы өзара қарым-қатынас» тақырыбында Google meet платформасында ашық сабақ өткізді. Мұғалім сүйіспеншілік құндылығына сүйене отырып, жауапкершілік, ізгілік, мейірімділік қасиеттерін ашты. Сабақты оқушылармен тыныс алу жаттығуларын жасау арқылы бастады. Оқушылар «Адамдардың ортасында өмір сүріп бақытты болу дегеніміз – ең алдымен өзіңе тиістіні тындыру, өз борышыңды ақтай білу деген сөз» атты дәйексөздің мағынасын түсіндіре отырып, өз ойларын ортаға салды. Әңгімелесу айдарында адамдардың қарым- қатынасы, қарым-қатынастың адам өміріндегі маңызы жайлы мұғалім сыйы ретінде «Жанашырлық» мәтіні берілді. Шығармашылық жұмыста оқушылар белсене қатысып, берілген тапсырмаларды жоғары деңгейде орындады. «Өміріңе немқұрайлы қарама» әнін оқушылар бірге орындап, керемет көңіл күйде болды. Сабақ өз мақсатына жетті.
12.02.2020ж. (Google meet платформасы) 5-10 сынып оқушылары мен өзін-өзі тану бірлестігінің мұғалімдері арасында онкүндіктің жабылу салтанаты өтті. «Құндылықтар өлкесі» тақырыбында «Ақиқат», «Дұрыс әрекет», "Қиянат жасамау», «Сүйіспеншілік», "Тыныштық» құндылықтарының қасиеттерін өте жоғары дәрежеде жетік игергендіктерін білдірді. Оқушылар өздерінің дайындаған презентацияларынан әлемнің жеті кереметі «Баян сұлу мен Қозы Көрпеш», «Қыз Жібек пен Төлеген», Леонардо до Винчидің «Монолизасы» осы сүйіспеншіліктің символдары туралы айтып, түйінді ой шығарды. Сүйіспеншілік айналамызға, жақындарымызға жалпы айтқанда әлемге махаббатпен қарау, адамдарға қуаныш сыйлау, қамқорлық жасау екенін оқушылар нақты түсінді, жүрегі сүйіспенділікке толы адам ол бақытты жан екенін ашып айтты.
Қорытынды: Онкүндік барысында жоспарланған іс-шараның барлығы талапқа сай өткізілді. Мұғалімдердің шеберлігі мен оқушылардың белсенділіктері байқалды. Ашық сабақтарда сабақ құрылымдары бойынша тыныштық сәтiнен басталды. Ұлы ойшылдар мен тұлғалардың дәйексөзінің мағынасы ашылды. Сабақты өмірмен тығыз байланыстырды. Оқушылар шығармашылық жұмыстар жасап, құндылықтар мен қасиеттерді нақты аша білді. Директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Г.А.Абдикаримова онкүндіктің жоғары деңгейде өткендігін атап өтіп, пән мұғалімдері мен оқушыларға алғысын білдірді.



Community discussions
Обсуждений не найдено
