«Махамбеттің жас ұрпақтары!» V Республикалық ӘДЕБИ-МУЗЫКАЛЫҚ КОМПОЗИЦИЯЛАР байқауы

12.02.2021

«Махамбеттің жас ұрпақтары!» V Республикалық ӘДЕБИ-МУЗЫКАЛЫҚ КОМПОЗИЦИЯЛАР байқауы аясындағы ЖЕҢІСТІ І ОРЫН-мен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Республикалық сайыста қазылар алқасы мен көрермендер алдында байқауға қатысушылар «Біз Махамбет ұрпағы!» тақырыбында әдеби-музыкалық композиция, «Ұлы дала ұрпағы» тақырыбында Қазақстанның ұлы тұлғаларының шығармалары тақырыбына әдеби-музыкалық композиция ұсынылды.
Байқаудың ережесіне сәйкес бірінші кезең аймақтық деңгейде өтті. Әр облыстар мен қалалардан 50-ден астам ұжым қатысты: Нұр-Сұлтан, Өскемен, Петропавл, Қостанай қалалары, Алматы, Батыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола облыстары.
Қазылар алқасының құрамында ҚР Мәдениет қайраткері, ҚР еңбек сіңірген әртісі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері болды.
«Махамбеттің жас ұрпақтары!» V Республикалық ӘДЕБИ-МУЗЫКАЛЫҚ КОМПОЗИЦИЯЛАР байқауы «Біз Махамбет ұрпағы» тақырыбы бойынша Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейдің қазақ театры І ОРЫН иеленіп, мектеп абыройын Республикалық деңгейге көтеріп отыр.
Қазақ театрының жетекшісі Ташпенов Мухит Қайратұлының еңбегі орасан. Мектеп әкімшілігі атынан талантты оқушыларымызға және театр жетекшісіне үлкен АЛҒЫСЫМЫЗДЫ білдіре отырып, шын жүректен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Аталмыш байқауды дәстүрлі ұйымдастырып, оқушылардың талантын қала, республика деңгейіне дейін шыңдауларына өзіндік үлес қосып отырған Нұр-Сұлтан қаласы Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының ұжымына рақметімізді білдіреміз.
        

https://www.facebook.com/guljan.tuleuova/videos/1485573821811780




Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено