Мұқағали - мәңгілік ғұмыр

09.02.2021

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «Мұқағали Мақатаев – мәңгілік ғұмыр» тақырыбындағы кезекті адалдық сағаты өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Онлайн дәрістің негізі ретінде әділеттілік пен адалдыққа, патриотизмге және елге деген құрметтен өрнектелген ұлы ақынның шығармалары алынды. Биыл 9 ақпан күні жыр мұзбалағы, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл (1931–1976) толды. ХХ ғасырдың бірінші жартысында дүниеге келген, рухы мен бар бітімімен халықтың қайнар көзін сіңірген дарын өз халқының ең сүйікті ақыны болды. Ақынның өзі айтқандай «Поэзия – махаббаттан басталып, парасатпен аяқталуы тиіс», осылайша, ол адамдарды адал, мейірімді болуға, жас ұрпақты Отанға деген сүйіспеншілікте тәрбиелеуге, туған жері мен ана тілін қастерлеуге, үлкендерді құрметтеп, бейбіт уақыттың әр сәтін бағалауға шақырды.


Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/adaldyk-sagaty-mukagali-makataevtyn-mangilik-murasyna-arnaldy_a3751109

 



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено