Жасөспірімдердің психологиялық денсаулығы
06.01.2021

Қаңтар айының 6-ы күні гимназиямыздың педагог-психологы Жұлдызай Оңалбекқызының ұйымдастыруымен қысқы демалыс уақытындағы жоспарға сәйкес «Жасөспірімдердің психологиялық денсаулығы» тақырыбында ZOOM платформасында семинар өтті.
Оқушыларға денсаулықтың жіктелу түрлері, психологиялық денсаулықтың маңызы, жасөспірім жастағы мінез-құлық ерекшеліктері туралы және темперамент типтері жайлы түсінік берілді. Дәріс соңында, оқушыларда тақырып туралы өз ойларын білдіріп, түсінбеген сұрақтарына ұтымды жауаптарын алды.
Америкалық белгілі психолог Дейл Карнеги: «Адамдарға ықпал етудің құпиясы сөйлей білуде емес, жақсы тыңдаушы бола білуде»,- деген тұжырымына сәйкес, жауапкершілікпен тыңдай білген оқушыларға алғысымыз шексіз!Community discussions
Обсуждений не найдено
