Қыс мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері «Абай бол, тайғақ мұз»
06.01.2021

2020 ж. 30-желтоқсан күні Мәшһүр Жүсіп атындағы №57 орта мектебінің оқушыларымен 31.12.2020 ж. - 10.01.2021 ж. аралығындағы қысқы демалыс кезіндегі жеке қауіпсіздігін сақтау дағдыларын қалыптастыру мақсатында «Абай бол, тайғақ мұз» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Түсіндіру жұмыстары қашықтықтан әлеуметтік желілері арқылы өткізілді.

Балалардың қауіпсіздігі үшін ата-аналарға қысқы демалыс күндері балалардың өмір қауіпсіздігіне көңіл бөліп, жаңа жыл қарсаңында дүкен, сауда орталықтарында серуендегенде карантин кезіндегі ережелерді сақтауды, бетперде кию, қолды жуу, түрлі пиротехникалық заттарды қолданбау, көшеге шыққанда, жолдан өткенде бағдаршамға қарап немесе жаяу жүргіншілер жолымен өтуі, мұз тайғақта сырғанамауы, жұқа мұз үстіне бармауы керектігі оқушыларға ескертелді. Оқушыларға үйде жалғыз қалған кезде от, газға жоламау әрі бөгде адамдарға есік ашпау, сөйлеспеуі керектігі ескертілді.


Back