Нұр-Сұлтан қаласы «Білім беруді жаңғырту орталығы» МКҚК 2020 11-13 қараша аралығында «Пәннің үздік мұғалімі» қалалық байқауын (іштей) ұйымдастырды.

20.12.2020

Нұр-Сұлтан қаласы «Білім беруді жаңғырту орталығы» МКҚК 2020 11-13 қараша аралығында «Пәннің үздік мұғалімі» қалалық байқауын (іштей) ұйымдастырды. Қалалық байқаудың 11 қараша күні өткен I-кезеңінде педагогтерге өз пәні бойынша 25 тест сұрақтарына жауап беруге  40 минут уақыт берілді. Ұсынылған тесттің  80%-на жауап берген мұғалімдер байқаудың екінші кезеңіне қатыса алды. Ілияс Жансүгіров атындағы № 58 мектеп-гимназиясының атынан тарих пәнінің мұғалім Дүйсенбай Асқар Серікұлы да  қатысты.

      Байқаудың II кезеңі 13 қараша күні өтті. Бұл кезеңде мұғалімдер өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп шебер-сынып өткізді. Асқар Серікұлы «Тарих сабағында мнемотехника әдістерін қолдану» тақырыбында шебер-сынып өткізіп өз іс-тәжірибелерімен бөлісіті. Байқаудың екі кезеңінде де көрсеткен педагогикалық шеберлігі мен кәсіби біліктілігі үшін Асқар Серікұлы ІІІ-ші дәрежелі диплом  және сыйлыққа  (повербанк)  ие болды.

 Осыған дейін де жас маман Асқар Серікұлы талай сайыстарға қатысып жеңімпаз атануда. Биік шыңдардан көріне беруіңізге тілектеспіз!



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено